Кәсіби шеберлік іс жүзінде: «Агрономия» және «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Kazakhstan өңіраралық кәсіби шеберлік байқауы
2026 жылғы 15-16 сәуірде «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК базасында «Агрономия» және «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Kazakhstan өңіраралық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби шеберлігін арттыру, алған білімдері мен дағдыларын бекіту, шығармашылық белсенділігін дамыту және аграрлық сала мамандықтарының беделін көтеру.
Байқау барысында келесі міндеттер шешілді:
- болашақ мамандардың кәсіби деңгейі артты;
- таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығы дамыды;
- «Агрономия» және «Ветеринария» құзыреттіліктері бойынша үздік қатысушылар анықталды;
- өз бетінше жұмыс істеу және нәтижеге жауапкершілік дағдылары қалыптасты.
Байқауға Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты, атап айтқанда:
- Жамбыл облысы («Тараз инновациялық көпсалалы колледжі» мекемесі, КМҚК «Құлан агротехникалық жоғары колледжі»);
- Түркістан облысы (МҚКҚ «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі»);
- Шығыс Қазақстан облысы (КМҚК «Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі»);
- Алматы қаласы («Еуразиялық агротехникалық колледжі» мекемесі);
- Солтүстік Қазақстан облысы (КМҚК «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі»).
Байқау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен WorldSkills стандарттарына сәйкес өткізілді. Екі күн бойы қатысушылар тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды орындап, өздерінің кәсіби дайындық деңгейін, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Қатысушыларды бағалау белгіленген критерийлер бойынша жүргізілді, оның ішінде тапсырмаларды орындау сапасы, технологияларды сақтау, уақыт көрсеткіштері және еңбек мәдениеті ескерілді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, жауапкершілікті және кәсіби міндеттерді шешуде шығармашылық көзқарасты көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
«Агрономия» құзыреттілігі бойынша:
1 орын – Петровец Дарья («Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК);
2 орын – Аленова Анара («Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК);
3 место – Абузяров Раиль («Еуразия агро-техникалық колледжі» мекемесі).
По компетенции «Ветеринария»:
1 орын – Чернова Дарья («Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК);
2 орын – Пиунов Вадим (КГКП «Восточно-Казахстанский многопрофильный колледж);
3 орын – Смагулова Агидель («Еуразия агро-техникалық колледжі» мекемесі).
Екі құзыреттілік бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Аталған байқауды өткізу өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға және агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал етті.



